«№ 1 балалар музыка мектебі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның тарихы.
1937 жылы Петербург консерваториясының фортепиано бөлімі түлектері апалы – сіңілі Становалар Европаның көрнекті қалаларының бірі -Вена қаласында тәжірибеден өтеді. Содан Қазақстанға, соның ішінде өнер мен мәдениеттің рухани ордасы Семей қаласына келіп, пионерлер үйінде музыкалық студиясын ашады. Дәл осы студияда пианистер мектебінің негізі қаланды.Дәл сол мезетте оқушылар саны 185 адамнан тұрды. Содан 10 жыл өткен соң 1947 жылы қыркүйекте студия негізінде №1 балалар музыка мектебі ашылады. 1955 жылдан бастап мектепте жергілікті композиторлардың секциясы құрылды, олар Семейдегі композиторлық шығармашылықтың іргетасын қалады.
1961 жылдан бастап №1 балалар музыка мектебі республикада тұңғыш рет дайындық тобы ашылған негізгі облыстық мектеп мәртебесін алады. Бұл кезеңде ұжымдық музыканы дамытуға көп көңіл бөлінеді. Баян аспабы ансамблі негізінде бүгінде екі ұжымға- үлкен және кіші болып бөлінетін баян аспабы оркестрі құрылады.
Мектептің алғашқы жылдарынан бастап ұйымдастырылған скрипкашылар ансамблі 1970 жылдан бастап камералық ансамбль дәрежесіне өсті. 2006 жылдан бастап кіші сыныптардың скрипкашылар ансамблі құрылды.
№1 балалар музыка мектебіндегі хор ұжымының тарихы 1948 жылдан басталды және бүгінгі таңда сәтті жалғасын табуда.
1972 жылы орыс ұлт аспаптарының оркестрі ұйымдастырылды ,ал он жылдан кейін фольклорлық ансамбль мен қобызшылар ансамблі, қазақ ұлт аспаптар оркестрі құрылды.
Сол кезеңдегі көптеген концерттік бағдарламалар мектептің үрмелі оркестрінің орындауымен безендірілді.
1985 жылы Қазақстан музыка өнерінің негізін салушы , КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақ КСР-нің Халық әртісі, композитор Латиф Хамидидің есімін мәңгі есте қалдыру мақсатында Семей қаласындағы №1 балалар музыкалық мектебіне беру ұсынылды.
1987 жылы «ССРО композиторлар одағының мүшесі» Рахымбаев М.С. мектептің директоры болып тағайындалды.Осы кезеңде Семей филармониясының ансамблі «Славянка» ансамблі құрылады.
Біз 70 жыл ішінде мектеп қабырғасынан шыққан: ССРО Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты , РСФСР Халық артисі «Мәңгілік қоңырау», «Көлеңке талтүсте жоғалады» кинофильмдердің музыкасының авторы Л.Афанасьев, ССРО композиторлар одағының мүшесі» Рахымбаев М.С, Мұқан Төлебаев атындағы музыкалық училищенің теория бөлімінің меңгерушісі , композитор Л.Жуманова және де және де басқа көптеген әлем бойынша – Қазақстан, Ресей, Белорусь, Канада да музыкалық жолда жүрген басқа да түлектермен мақтанамыз .
2004 жылы мектеп Семей қаласының орталығындағы, Бауыржан Момышұлы көшесі №19 үйде орналасқан үш қабатты жылы ,жарық ғимаратқа көшірілді. Осы кездегі оқушылардың контингенті 470 оқушыны және 50-ге жуық оқытушыларды құрады.2016 жылдың қыркүйек айынан бастап мектептегі бала саны ұлғая түсті. Семей қаласы №1 балалар музыка мектебіне екі музыкалық ұжым :№38 эстетикалық бағыттағы мектеп –комплексінің музыкалық бөлімі және Шульба мектебі музыкалық бөлімі, ал 2017 жылдың қыркүйек айынан бастап Қайнар ауылының балалар музыка мектебі қосылды. Қазіргі таңда мектептегі бала саны – 634. Мектепте 20 ұжым болып табылатын біртұтас ұжымда , әртүлі шығармашылықта келесі мамандық бойынша : фортепиано , скрипка, виолончель, флейта,баян, аккордеон, домра –прима, балалайка, гитара, домбыра, қобыз, қыл қобыз,жетіген,вокал, хор бөлімінде 80 –ге жуық оқытушы қызмет атқарады.
2012 жылы №1БММ директоры болып Куанова Айжан Куатовна тағайындалды. 2013 жылдан бері «Дарынды балалар –Қазақстанның болашағы » атты Аймақтық байқауы өткізіледі.Құрылтайшылары: «ШҚО Семей қаласы білім бөлімі» ММ, «Қазақстан әйелдер шығармашылығы одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігі (Айсұлу Тани , Астана қаласы) 2014 жылдан бері жыл сайын Л. Хамиди атындағы Республикалық байқау өткізіліп келеді. Құрылтайшылары: «ШҚО Семей қаласы білім бөлімі» ММ, Қазақстан Композиторлар Одағы (Алматы).
Қазақ кәсіби музыкасы мен композитордың шығармашылығын насихаттау мақсатында 2014 жылдың сәуір айында мектепке Латиф Хамиди атындағы кабинет ашылды, оның ашылуына композитордың немересі Ринат Хамиди қатысты.
«№1БММ» 2015 жылы «Үздік қосымша білім беру мекемесі» атанып, ауыспалы «Білім» рәмізі мен кубокқа ие болды.
2016 жылы Куанова Айжан Куатовнаның бастамасымен көрнекті композитор Латиф Хамидидің 110 жылдығына арналған Л.Хамиди атындағы байқау өткізілді. Мектеп директоры және мектеп ұжымын «халықтардың рухани дамуына зор үлес қосқаны, ұлттық мәдениеттерді өзара байытуда , халықтар арасындағы достық байланысты нығайту мен өркендету жолында Л.Хамиди атындағы Халықаралық байқауды ұйымдастырғаны, жоғары деңгейде өткізгені үшін» «Дүниежүзілік татар конгресі»Халықаралық қоғамдық бірлестік Одағының төрағасы Закиров Р.З. «Алғыс хатын « және Қазақстан Республикасындағы Татарстан Республикасының өкілетті өкілі Валиулова Р.Ф. « Құттықтау хатын» тапсырды.