Ақпан айында Семей қаласының № 1 БММ базасында БММ және БӨМ оқытушыларына  арналған қалалық әдістемелік семинар өткізілді. Семинар тақырыбы:" ансамбльдік орындаушылықтың  ерекшеліктері мен негізгі аспектілері",  ал шеберлік –сабақты   тыңдаушылар  үшін Нұр – сұлтан қаласынан шақырылған, ҚР еңбек сіңірген әртісі, Қазақ ұлттық өнер университетінің өнертану профессоры-Искаков Алтай Қарпықұлы, сондай – ақ  Семей қаласы М.Төлебаев атындағы музыкалық училищенің жетекші мамандары: ҚҰА қобыз және ОҰА ПЦК төрағасы, қыл-қобыз сыныбының оқытушысы  -  А.Н.Малгаждарова ,қобыз сыныбының оқытушысы – А.А. Дюсенбаева, домбыра сыныбының оқытушысы, ҚҰА оркестрінің жетекшісі.

Семинардың ашылу салтанатында Семей қ. № 1 БММ оқытушылары : Г. А. Байгаринова домбыра сыныбының  оқытушысы  және ҚҰА оркестрінің жетекшісі – ҚҰА оркестрімен жұмысы  бойынша  жинақтаған іс тәжірибесін  және Ю. А. Цымбал-фортепиано оқытушысы және сүйемелдеуші , сүйемелдеушілік  жұмысының міндеттері мен ерекшелігін ашып, кәсіби қызметке қажетті ерекшеліктерді, іскерліктер мен дағдыларды көрсетті. Осы тақырыпқа  көрсетілген слайд-шоу материалы музыка теориясы пәнінің оқытушысы, фортепиано және сұйемелдеуші –Л.С.Звягинаның көмегімен дайындалды. Шеберлік сағаттарында   сабақ көрсету үшін № 1 БММ оқытушыларының оқушылары шақырылды.№1БММ 1 /Ашамаева Жанель, оқытушысы Ж.А../, БӨМ /Сергазина Жібек, оқытушысы К.В. Герасименко / және  ТӨМ /Даулетов Мейір, оқытушысы Е.Б. Власенко . Ұжымдық  шеберлік сағағаттарын өткізу үшін  жоғарғы сыныптардың ҚҰА оркестрі ,жетекшісі Ж.Қайроллаұлы , қобызшылар ансамблі, жетекшілері  Г.С.Сагадиева мен А.Н. Аринова  шақырылды.  Үш секция бойынша семинар тыңдаушыларының жалпы саны  60-шақты адам.