2022 жылы  ақпанның 24,25-і күндері  Семей қаласы  № 1 БММ базасында  жас музыканттардың 55 Республикалық фестиваль-байқауының қалалық онлайн  кезеңі  қазақ және орыс ұлт аспаптары оқушыларының арасында өткізілді,  онда   №1 БММ , БӨМ және ТӨМ 52 жеке орындаушылар мен  12 ұжымдық топ  қатысты.   Әділқазылар алқасында Семей қаласы М.Төлебаев атындағы музыкалық училищенің   жетекші мамандары жұмыс атқарды  ҚҰА  мен  ұжымдық топ  комиссиясының төрағасы–  «ҚҰА» ПЦК төрағасы, домбыра сыныбының оқытушысы М.Т. Алдекенова ;  домбыра сыныбының  оқытушысы  Ж.С.Ахметова ;  Н.У.Сембаева ; қобыз сыныбының оқытушысы- Н.У.Сембаева ; домбыра сыныбының оқытушысы- К. Ч.  Каримова,: ОҰА  комиссиясының  төрағасы, аккордеон сыныбының оқытушысы  –З.И. Габитов ; гитара сыныбының оқытушысы  С.С.Исмайлов ; баян сыныбының оқытушысы   С.В.Тесёлкина .   

Байқаудың қорытындысы келесі нәтижелерді көрсетті: Бас Жүлде  - бес оқушы, олар: Марат Ботагөз, қобыз, жоғары топ., оқыт-ы.  А.Б.Ргелова , сүйемелдеуші А. Мақсут ,  № 1БММ; Даулетов Мейір, баян, жоғары  топ, оқытушы  А.И.Барабанов , ТӨМ; Бекметов Нұралы , гитара, орта топ, оқытушы С.С.Исмайлов , ТӨМ; Садуова Сания, домбыра,  орта топ , оқытушы К.Ч. Каримова , сүйемелдеуші В.А. Джургакпаева , ТӨМ; Ролланқызы Дарина, қобыз, жоғары топ, оқытушысы А.С.Жуматаева  ,   сүйемелдеуші   Ф.К.Мансурова ,  БӨМ.

I орын алғандар - 15 оқушы; II орын - 29    оқушы ; III орын  -  12оқушы:

Ұжымдық топ арасында , 1-орын   - екі / домбырашылар ансамблі жетекшісі  Қ.М. Қасымбекова ,  БӨМ, және орыс ұлт аспаптар ансамблі жетекшісі Е.Н.Снетков  , сүйемелдеуші  Бикбов Р. А., ТӨМ/;  екінші орын -  8;  үшінші орын – 2.

Жас музыканттардың 55 Республикалық   фестиваль байқауының облыстық кезеңінде  Бас Жүлде мен І орын алған жеке орындаушылар мен ұжымдар Семей  қаласының  намысын  Өскемен қаласында  2022жылы  04.03. күні қорғайтын  болады. Біздің сайыскерлерге жеңіс  пен шығармашылық биіктерді еңсеруді тілейміз!

1 орын

Алябьев Лучезар, преп.Снетков Е.Н. ТШИ